Стив Возняк - Силикон аңғарының аңызы

Стив Возняк - Силикон аңғарының аңызы

Стив Возняк - Силикон аңғарының аңызы. Сөзсіз, күдіксіз. Кезінде Эпл компаниясының құруышысы болған. Ол қәзір өз еңбегі сіңген сол алып жүймен жұмысы жоқ. Әйтсе де жылда хай-тек конференцияда және басқа да техно манияктардың шулы жиындарда сөз сөйлейтін кісі. 

Возняктың ақшаға деген көзқарасы көптеген замандастарынан ерекше. Fortune журналына жуырда ғана берген сұхбатында ол өзінің қарапайым инвестиция әдісімен бөлісті. Ол әдіс, инвестицияға мүлдем жоламауын және одан аулақ болуын талап етеді. Неге?

«Мен инвестиция жасамаймын. Ондай іспен бас ауыртпаймын» - дейді Возняк. «Ақшаның маңына да жолағым келмейді. Өйткені, ақша сенің құндылықтарыңды төмендетеді. Қәзіргі Силикон аңғарындағы сәнге айналған рок жұлдыз кейпіндегі инженер ұғымын да ұнатпайтын» - деді Стив Возняк. Кезінде, Эпл компаниясында жаңа табылған сондай-ақ, әлемді анағұрлым гүлдендіретін өнімдерді құрастыруды мақсат еткен. Баю ол үшін бірінші жоспарда емес тұғын. «Мен адамдардың қажеттілігінен артық нәрселерге ие болғысы келетін категорияға кіруді қалаған да жоқпын» - дейді Возняк.

Оның орнына Возняк Калифорниядағы өзінің туған қаласы Сан Хоседе музей сынды рухани мекемелерге инвестиция жасауды жөн көрді. «Мен сол жерде туылдым, содан болар, бір көшенің атын менің есіміммен атап қойыпты» – дейді Стив.

Возняк өзінің қазына мүлікінің адал үлесін Эпл компаниясы нарыққа шыққан уақытта тапты. Бүгінде ол шамамен 100 миллион АҚШ долларына иелік етіп отыр. Салыстыра кетсек, Стивпен ортақтаса істеген Эплдың құрушысы Джобс 2011 жылы қайтыс болған кезінде 10,2 миллиард долларға ие болған.

Осындай теңсіздіктің бір себебі Возняктың о бастан ақшаға немқұрайлықпен қарағаны. Мысалы, сол 1980 жылы Возняк өз үлесіндегі ақшаның 10 миллион долларын, тек жұмысшылардың жалақысына жұмсаған

 Ал Джобс мұндай мәрттікке бармаған. 

Қазіргі Эпл компаниясының бас атқарушы директоры Тим Крук, Возняктың «байлық адамды бұзады» деген пікіріне толық қосылады. Жуырда ол колледж студенттеріне – «Жұмысты ақша табу үшіністемеңдер.Ақша тез жұмсалады, тез құриды және де ешқашан жетпейді. Шаршашатады. Оның  орнына өздеріңе ұнайтың, қөңілге қонымды, қоғамға пайдалы қызметтің қюын табыңдар» - деп ескерту айтқан.

Ағылшын тілінен аударған Әділжан Анай

"Қабылан ақпараттық порталы"


IMG_4999-640x426.jpg

WozBrisbane51-640x360.jpg

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Стив Возняк - Силикон аңғарының аңызы
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-24/716.html