Экономика: 5 жылдан кейін Қазақстанда ғаламтор-бизнес қарқын алады

Елімізде көлік өндірісі жолға қойылғандығы белгілі. Жыл басыннан бері ел нарығында 11 мың жаңа жеңіл көлік саудаланса, оның 30 пайызы – отандық өнім. Жергілікті темір тұлпарларға деген сұраныс ұлғаюда. Экспорт та артты. 

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші: -Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзербайжан банкіне салған 71 млрд 300 млн теңге көлеміндегі қаржысы қайтпауы мүмкін. Бұл туралы «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер институты кеңесінің төрағасы Рақым Ошақбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Әзербайжан банкі дефолт алдында тұр. Және қаржы құрылымы қазірдің өзінде шетелдік кредиторлардан тартылған валюталық міндеттемелерін төлеуді тоқтатқан. Ал Қазақстан қаржысының не себепті Әзербайжан банкіне салынғандығы әзірге белгісіз. Бұл мәселе мәжілісмендерді де алаңдатып отырғандықтан, депутаттық сауал жолдаған. «Алайда Әзербайжан үкіметі банк қарыздарын төлеу туралы шешім қабылдағандықтан, алаңдауға негіз жоқ», – дейді адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов. 

5 жылдан кейін Қазақстанда ғаламтор-бизнес қарқын алады. Мұндай болжамды интернет сауда қауымдастығының президенті Константин Горожанкин жасап отыр. Оның айтуынша, 2017 жылдың алғашқы төрт айында АҚШ-та 3 мың 200 ірі дүкен желісі жабылған. Қазір Америка халқының 70, еуропалықтардың 50, ресейліктердің 18 пайызы интернет арқылы сауда жасауды жөн санайды. Қаржы мен уақытты үнемдеудің жаңа тәсілі Қазақстанда да дамуда. Қазір елімізде 3 мыңдай интернет дүкен бар. Онлайн-сауда жасау бойынша Алматы, Астана, Қарағанды қалалары көш басында. Көпшілік тұрмыстық техника, киім-кешек және жиһаз түрлеріне ғаламтор арқылы жиі тапсырыс береді. Елімізде жиһаз өндірісі де дамып келеді. «Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аталған саладағы өсім 6 пайызға жуықтады», – деп хабарлайды energyprom.kz.  Үш айда 8 млрд 649 млн теңгенің өнімі жасалған. Олардың басым бөлігі  – кеңсе, ас үй және қонақ үй жиһаздары. Бұл өндіріс түрін дамытуда Алматы қаласы мен облысы, Ақмола және Қарағанды облыстары белсенділік танытып отыр. 

Жүргізуші: 

-Отандық жиһаз өндірісі артқандықтан, шетелден тасымалданатын өнім ауқымы кеміген шығар? 

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші: 

-Өндіріспен қатар импорт та артты. Елімізде Германия, Италия, Қытай, Чехия жиһаздарына деген сұраныс өте жоғары. Бұл халықтың әл-ауқатының жоғары екендігін аңғартса керек.


Дерккөз: Www.Khabar.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Экономика: 5 жылдан кейін Қазақстанда ғаламтор-бизнес қарқын алады
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-17/697.html