2017 жылдың ең қымбат 10 автокөлігі

Қасен Сержан

2017 жылдың ең қымбат 10 автокөлігі


10. Apollo Arrow

6e9adfbd.jpg

Германиялық жеке кәсіпкер Apollo Arrow жасап шығарған спорттық үлгідегі автокөлік. Бағасы 1 милион 100 мың АҚШ доллары. Бұл көлік 2016 жылы Женева Автокөрмесінде таныстырылған. Көлемі 4,2 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. 1000 ат күшіне есептелген, сағаттық жылдамдығы 100 километрге жету үшін 2,9 секунд жеткілікті. Тек 100 данасын ғана шығару көзделген.


9. Evantra Millecavalli

ce872c78.jpg

Италиялық танымал спорттық көлік шығарушы Mazzanti жасап шығарған бұл көліктің бағасы 1 милион 200 мың АҚШ доллары. Тек 25 данасы ғана бар. Көлемі 7 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Сағаттық жылдамдығы 100 километрге көтерілу үшін бар болғаны 2,7 секунд кетеді. 1000 ат күшіне есептелген бұл көліктің ең жоғары жылдамдығы 400 километр/сағат.


8. Ferari LaFerrari Aptera

e747194a.jpg

Жер бетінде 200 данасы ғана бар бұл көліктің бағасы 1 милион 400 мың АҚШ доллары. 6,3 литрлік бензин маторымен қоса, 120 KW -тық электроқозғалтқышы да бар. 950 ат күшіне ие бұл темір тұлпар жылдамдығын 100 километр/сағатқа жеткізу үшін 3 секунд жұмсайды. Ең жоғары жылдамдығы 350 километр/сағат.


7. Arash AF10 Hybrid

264c8eae.jpg

Аты айтып тұрғандай аралас энергиялы маторлармен жабдықталған. 6,2 литрлік V8 бензин маторымен қоса, 4 электроқозғалтқыштан тұратын маторларының жалпы қуаты 2080 ат күшіне тең. газды басып 2,8 секундта жылдамдығыңыз 100 ге жетеді. Айтпақшы сатып алу үшін қалтаңызда 1 милион 500 мың АҚШ доллары болуы керек.


6. Zenvo ST1

a0269c5a.jpg

Дания елінің бұл спорт көлігінің бағасы 1 милион 800 мың АҚШ доллары. Автокөлікке 5,9 литр көлеміндегі V8 маторымен қоса, қос механикалы қысым күшейткіш матор орнатылыпты. 15 данасы ғана құрастырылған көліктің қуаты 1100 ат күші, ең жоғары жылдамдығы 360 километр/сағат.


5. Koenigsegg Regrra

644db4c8.jpg

Бағасы 1 милион 900 мың АҚШ доллары, 5,0 литрлік бензин маторымен қоса, 3 электроқозғалтқыш орнатылған болып қуаты 1882 ат күшіне жеткізілген. Жер бетінде тек 80 данасы ғана жүгіреді деп күтілуде.


4. Bugatti Chiron

b3ea6600.jpg

Бағасы 2 милион 700 мың доллар тұратын екі адамдық спорт көлігіне, ең жаңа Bugatti 8,0 литрлі W16 маторы орнатылған. Қуаты 1500 ат күшіне тең болатын бұл көлік, жылдамдығын 100 километр/сағатқа көтеру үшін 2,5 секундты қажет етеді.


3. Panagi Huayra BC

c4d392b5.jpg

Бағасы 2 милион 800 мың АҚШ доллары. 6,0 литрлік қос турбиналы AMG матор орнатылған. Қуаты 750 ат күші деп есептелген бұл көліктен тек 20 данасы құрастырылыпты.


2. Lykan Hypersport

bf0040c0.jpg

Бағасы 3 милион 400 мың АҚШ доллары тұратын бұл көлікті DUBAI W деп аталатын компания құрастырған болып, араб елдерінен шыққан тұңғыш спорттық автокөлік болып есептеледі. Қуаты 780 ат күшіне тең бұл көлітен тек 7 дана ғана құрастырылыпты. Жылдамдығы жоғары болып қалмастан сыртқы көрінісі де көзтартарлық ерекше. Көліктің алдыңғы жағы мен шырақтарын әшекейлеуге 220 дана алмас түйіршіктері істетіліпті.



1. Aston Martin MA-RB 00

9944030b.jpg

Martin компаниясы мен Red Bull Racing компаниясы бірлесіп өндірген бұл көліктің бағасы 3 милион 900 мың АҚШ доллары. Ең жаңа V12 маторы орнатылған бұл көліктің спорттық түрінен 25 дана, әдеттегі нұсқасынан 150 дана өндірілген.

Аударып дайындаған: Қасен Сержан

"Қабылан ақпараттық порталы"

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » 2017 жылдың ең қымбат 10 автокөлігі
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-12/669.html