Жапон өнімдері Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізілмек



Қытай мен Қазақстан арқылы Еуропаға қарай жапондық транзиттік контейнерлік тасымалдың даму мүмкіндіктері Токио қаласында өткен семинарда талқыланды. 

Іс-шара кезінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистикалық блок компаниялардың өкілдері мен Токиодағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның көліктік-логистикалық кешеннің артықшылықтары мен мүмкіндіктері ұсынылды. Қатысушылар Ляньюнган портынан өтетін жаңа Жібек жолының перспективалық бағыттары мен Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымымен танысты.


Қатысушылар Ляньюнган портынан өтетін жаңа Жібек жолының перспективалық бағыттары мен Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымымен танысты. 

Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық терминал жапон мен корей жүктерінің шоғырландыруының негізгі нүктесі болып табылады.

Қиыр-Шығыс Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдері мен Түркияға жүк тасымалдау қызметін ұсынып отырған Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуы да жоғары әлеуетке ие болды. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  делегациясы Фукуока қаласының әкімдігі мен Хаката портының әкімшілігімен Хаката мен Ляньюнган порттарының фидерлік желілерін пайдалана отырып, жапондық тауарларды логистикалық тізбекпен сыртқы нарыққа шығаруды ұйымдастыру жайлы келіссөздер жүргізді.



Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/174715-zhapon-nimderi-aza-stan-ar-yly-europa-a-zhetkizilmek

www.24.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Жапон өнімдері Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізілмек
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-03/592.html