Кедей адамды қанағаттандыру өте қиын

Шынар Әбілдә

Кедей адамды қанағаттандыру өте қиын



• Тегін бірдеңе берсең, бұл қақпан екен деп ойлайды. 
• Азғантай инвестиция десең, онда пайдасы көп бола қоймас дейді. 
• Қомақты салым сал десең, ақшамыз жоқ деп шығады. 
• Жаңа тақырыптарды зерттеп көр десең, тәжірибем жоқ деп басын алып қашады. 
• Бұл қалыптасқан іргелі кәсіп десең, тым ауыр екен деп шағымданады. 
• Жаңа кәсіп, қосыл десең, жоқ ол пирамида деп жауды жақындатады. 
• Дүкен аш десең, онда еркіндік болмай қалады деп қауіптенеді. 
• Жаңа кәсіппен шұғылдан десең, ол іс жүретініне кепілдік жоқ деп шегінеді.

Олардың бойында ортақ бір қасиет бар. Қит етсе, Google-ден сұрау салады. Өздері сияқты қолынан түк келмейтін бойкүйез достарын тыңдағыш. Университет профессорынан кем ойланбайды. Алайда, соқыр адамның істегенінен де аз жасайды. 
Олардан не істей аласың деп сұраңызшы... Олар сізге жауап бермейді. 
Мен жасаған қорытынды: Жүрегіңіз тез-тез соққанша, неге қимылыңызды ширақ етпеске?!... Бос ойдың жетегінде жүре бермей, ойлаған ісіңізді жасағаныңыз дұрыс. 
Кедей адамдар сәтсіздікке бір қағиданың жетегінен шыға алмағандықтан ұрынғыш. «Олардың бар өмірі күтумен өтіп жатыр!» 
Сіз кімсіз? Оны өзіңіз шешіңіз! 


Джек Ма
Аударған Шынар Әбілдә

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Кедей адамды қанағаттандыру өте қиын
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-04-29/564.html