Сен енді жоқсың... (Әсерлі)

Сен енді жоқсың ...

Күліп тұрып құшақтамайсың. Бейуақта хат жазбайсың. Уайымдап, түн жарымда қоңырау шалмайсың. Сен енді мені сағынбайсың. Мәңгілік ұмытқансың. Сен енді жоқсың. 

Теріс сөйлеп, жанымды жараламайсың. Тәртіпке салып, дұрыс жолды көрсетпейсің. Күмән қыз деп, өзіңе сендіріп әуреге түспейсің. «Әлі бір көруге зар боларсың» деп кеуде кермейсің. Сен енді жоқсың.

Қашқанда қумайсың. Қуғанда қашпайсың. Фейсбуктен бұғаттап, вк-дан аңдымайсың. Өзің сүйетін Дайдидауды да тыңдамайсың. Топ жарып, көсемсіп сөйлемейсің. Ақыл айтпайсың. Жүрексіз өмірден шаршадың, білем... Сен енді жоқсың. 

Сен енді елес те емессің, ой да емессің. Өмір де емес, тағдыр да емес. Сен жай ғана қонақ екенсің. Асыққан, аптыққан, ойы шала, ісі тетір. Тәлейсіз, бақсыз, бақытсыз қонақ. Сен енді жоқсың. 

Барыңды бердің. Керегіңді алдың. Жақсылық жидың. Жаманатқа таландың. Тағдырға сендің. Сенімің ақталмады. Асылың арман болды. Арманың алдады. Сүріндің. Құладың. Жалғыздыққа мүжілдің. Шыдамадың. Жоқ болдың.

Сен енді мәңгіліктің әнін айтасың. Сен енді жоқсың. 

Ал мен бармын.


Шынар Әбілдә

Қабылан

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Сен енді жоқсың... (Әсерлі)
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2018-09-03/1114.html