Мұсылман бала

Мұсылман бала

Бір күні Париждегі үлкен мешітке кішкентай бала кіріпті де, имамға кеп: 

- Анам мені осында жұмсады, осы мектепте оқысын деп жіберді, - дейді. 

- Анаң қайда, сен туралы бізге ештеңе айтпады ғой, - дейді имам. Бала оған: 

- Анам сыртта тұр. Ол кіре алмайды. Анам мұсылман емес, - деп жауап қатады. 

Имам сыртқа шығады. Есіктің көзіндегі баланың анасына жолығады. Не қалайтынын сұрайды. Баланың анасы бүй депті:

- Менің көршім мұсылман. Анасы балаларын мектепке шығарып салар кезде олар оның қолынан сүйетінін күнде көрем. Сол отбасына қонған бақ баянды болды. Имам мырза, біздің елімізде бірде бір мұсылманның ата-анасын қарттар үйіне апарып тастағанын көрмедім. Менің баламды да өз қанатыңыздың астына алып, сол көркем мінезді, шын мұсылман болуды үйретсеңіз... Бәлкім, өскенде ол да мені мұсылманға тән әдеппен бағып-күтер деп дәмеленіп, ертіп әкелдім. 

Аударған Шынар Әбілдә


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Мұсылман бала
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2017-06-13/760.html